French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Суперкомпьютер Евро-2020 турнирі жеңімпазын болжады
13:05 / 2021-06-10

Европаның 12 қаласындағы жасыл алаңдарында бүгін старт алатын Евро-2020 турнир ойындарына болжам жасайтын арнайы суперкомпьютер ойлап табылды. Оны Sportradar футбол мамандары жасаған.

Mirror ақпарат көзінің хабарлауынша, турнир аутсайдерлерінің бірі Чехия Еуропа чемпионатында жеңіске жетеді.

Суперкомпьютердің есептеуіне сәйкес Чехтар жеңіс жолында Испания, Португалия, Германияны тізе бүктіріп, Грецияның 2004 жылғы сенсациясын қайталайды.

Финалда Чехия құрамасы Даниямен кездеседі. Ал, Даниялықтар жартылай финалда ағылшындарды жолдан ығыстырмақ. 

Суперкомпьютерлік болжам бойынша, Чехия шешуші кездесуде Данияны 2:1 есебімен жеңеді.

Турнир тарихына назар аударар болсақ Чехия құрамасы құрлық біріншілігінің финалына бір-ақ рет - 1996 жылы шыққан және Германиядан жеңілген. Дания бұл додада 1992 жеңімпаз атанған.

Еске сала кетейік, 2020 жылда өтуі жоспарланған допты-дода пандемияға байланысты 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында 12 елдегі жасыл алаңдарда өткізу жоспарланған.

Евро-2020 турнирінің топтық кестесі:

А тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария

В тобы: Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей

С тобы: Нидерланды, Украина, Австрия, Солтүстік Македония

D тобы: Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия

Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы: Венгрия, Португалия, Франция, Германия