Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Супер ауыр салмақтағы алты аңыз боксшы арасында шағын турнир өтуі мүмкін
13:15 / 2020-05-15

Егер бұл турнир шынында өтер болса онда «Болашаққа оралу 4» фильмін түсірген секілді болуы мүмкін


Американдық супер ауыр салмақта әлем чемпионы атанған Оливер Макколл бокс тарихындағы аңыз былғары қолғап шебері Майк Тайсонның рингке қайтқандығы жөнінде оның жаттығулар жасаған бейне таспасын көріп, супер ауыр салмақтағы өзімен бірге алты боксшы арасында шағын турнир ұйымдастыру ниетте екенін айтқан.

Қазірде 55 жасты қарсылаған Оливер Макколл бұл бокс турниріне тарихтағы аты аңызға айналып кеткен Эвандер Холифилд, Дэвид Хэя, Витали және Владимир Кличко, сонымен қатар Леннокс Льюис қатысатын супер-алтылық, деп атаған.

Ол егер бұл турнир шынында өтер болса бұл мен үшін «Болашаққа оралу 4» фильмін түсірген секілді болуы мүмкін деп, мұны көрермендер де асыға күтуін айтқан.