Суданның батысындағы тайпалар қақтығысынан 199 адам қайтыс болды
Суданның батысындағы Дарфур аймағында қазан айынан бері жалғасып кележатқан тайпалық қақтығыстар салдарынан 199 адам көз жұмды.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, тайпалық қақтығыстар батыс Дарфур, Орталық Дарфур және Оңтүстік Дарфур провинцияларында болып жатыр.
Судан медициналық комитетінің дерегінше аймақтағы ауруханаларда қайтыс болғандардың ресми саны ғана тіркелгенін, ал нақты зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін атап өтті.
Басылым хабарында қаза тапқандардың кейбірін қауіпсіздік мақсатында қақтығыс аймағынан шығару мүмкін емес.