English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 528-ге жетті
11:25 / 2023-04-30

Суданда армия мен Жедел әрекет ету күштері (RRF) арасында жалғасып жатқан қақтығыстарда кем дегенде 528 адам қаза тауып, 4599 адам жарақат алды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, атысты тоқтату келісімін ұзарту Батыс Дарфур мен астана Хартумды қоспағанда, елдің көптеген штаттарында салыстырмалы түрде тыныштық жайлаған.

«Хартумдағы денсаулық орталықтарының саны көбейіп, ауруханалармен байланыс жақсарды», - делінген хабарламада.

Ведомство сондай-ақ достас елдердің бірқатар серіктестерімен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен аса мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек жеткізуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.