Суданда бөгет бұзылуы салдарынан 60 адам қаза тапты
Суданның Порт-Судан қаласынан 38 километр қашықтықта салынған Арбаат бөгетінің бұзылуы салдарынан 60 адам қаза тапты.
БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының хабарлауынша, 20 ауыл толығымен қираған.
Оқиға салдарынан 317 мың адам зардап шегіп, олардың 118 мыңы үйлерін тастап кеткен. Жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Аппат салдарынан 84 құдық және шамамен 10 мың ауыл шаруашылығы малы қырылған.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қатты жауын-шашын салдарынан бөгеттің бұзылуы су тасқынына әкеліп, жақын маңдағы ауылдарды қиратып, құтқару жұмыстарына кедергі келтірген.
Бұл бөгет қала үшін негізгі су көзі болған. Оның сыйымдылығы 25 миллион текше метрді құрайды.