Судан Эфиопиямен шекарасын жапты
Эфиопия федералды үкіметі мен Тиграй аймағының арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Судан Эфиопия мен арадағы шекарасын жапты.
«Губернатор Фатех әл-Рахман Әл-Амин бүгіннен бастап Кассала штаты мен Эфиопия арасындағы шекараның жабылатындығын жариялады. Бұл Эфиопияда Кассала штатына іргелес жатқан Тиграй аймағындағы соңғы күндері байқалған қауіпсіздік шиеленістеріне байланысты орын алған», - делінген Кассала штатының баспасөз қызметі хабарында.
Онда, штат губернаторы жағдайды бағалау үшін Кассала штатының Эфиопия мен Эритрея шектесетін Вад Эль-Хелев ауылына баратынын айтқан. Ол Судан билігі бірде-бір адамның немесе топтың мемлекетке қарумен кіруіне жол бермейтінін білдірген.
Бұған дейін 5 қарашада Судан премьер-министрі Абдулла Хамдок Эфиопиялық әріптесі Абий Ахмедпен телефон арқылы сөйлесіп, Эфиопиядағы оқиғаларды алаңдаушылықпен бақылап отырғанын айтқан.