Су тасқыны салдарынан Индонезия астанасында 1,3 мың тұрғын зардап шекті
Муссон жаңбырының салдарынан Индонезия астанасында су тасқыны орын алып, 1300 тұрғын жапа шеккен.
Interfax ақпаратында, Джакарта қаласынынң кейбір аудандарында маусымдық нөсердің қатты жаууы салдарынан су деңгейі екі метрден асып, 1300 тұрғын өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Қазіргі кезде апаттан қаз болғандар жайлы ақпарат жоқ.
Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері Индонезия астанасында маусымдағы ең қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Жаңбырлы маусым ақпанның аяғына немесе наурыздың басына дейін жалғасатыны айтылған.