2021 жылы Орталық Азияда, соның ішінде Өзбекстанда байқалған су тапшылығы жағдайы мемлекет гидроэлектр станцияларында электр қуатының өндірісін азайтты.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, электр қуатын өндіру 30 пайызды құрауда. Бұл өз кезегінде тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отырғаны айтылады хабарламада.
Өзбекстанда 2019 жылы су электр станцияларындағы өндіріс 6,5 млрд кВт/сағ құраған. Ал биыл бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд кВт/сағ немесе 1,5 млрд кВт/сағ-ға (30%) аз.
Осы 1 млрд 200 млн кВт/сағ электр энергиясы республикадағы тұтынушыларды бір ай бойы үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге жетеді.
Министрлік мәліметінше, ГЭС-де су көлемінің аздығынан электр энергиясын өндіру азайып, соның салдарынан кейбір аудандарға электр қуатын беруде қысқа мерзімді үзілістер орын алуда. Бұл жағдай су электр станцияларында электр энергиясын өндірудің қысқаруымен байланысты, бұл сұранысты толық қанағаттандыру үшін қажетті электр энергиясының тапшылығына әкелді.
Биыл Өзбекстанда ғана емес, көршілес республикаларда да су қоймаларында жинақталған су қоры жетіспейді.
Соған қарамастан, республикада электр станциялары арқылы жоспарланған көлемде электр энергиясын өндіру бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада.