Су спортынан Әлем чемпионаты 2024 жылға ауыстырылды
2023 жылдың жазына жоспарланған Дохадағы су спортынан Әлем чемпионаты 2024 жылға шегерілді.
Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) хабарлауынша, су спортынан әлем чемпионаты 2024 жылдың 2-18 ақпан аралығында өтпек.
Дүбірлі Доха жарысында алты спорт түрі бойынша 76 медаль сарапқа салынады: жүзу, синхронды жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, биікте секіру және су добы. Сондай-ақ бұл жарыс 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі болмақ.
Турнирдің кейінге қалдыру туралы шешім Жапонияның Фукуока қаласында өтетін 20-шы әлем чемпионаты 2023 жылдың жазына шегерілгеннен кейін қабылданды.
Жапониядағы әлем чемпионаты бастапқыда 2021 жылдың 16 шілдесі мен 1 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған болатын.