Студенттерге жылдық оқу ақысын төрт бөліп төлеуге мүмкіндік берілді
2020/2021 оқу жылынан бастап Өзбекстандағы ЖОО-дағы студенттерге жылдық оқу ақысын төрт бөліп төлеуге мүмкіндік берілді
2020/2021 оқу жылынан бастап Өзбекстандағы ЖОО-дағы студенттерге жылдық оқу ақысын төрт бөліп төлеуге мүмкіндік берілді.
Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттер оқу ақысын төртке бөліп келесі міндетте төлей алады.
➖белгіленген оқу ақысының кемінде 25 пайызы 15 қыркүйекке дейін немесе Өзбекстан Республикасының білім беру ұйымдарына қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия белгілеген мерзімге дейін және екінші, үшінші одан кейінгі курс студенттері үшін 1 қазанға дейін немесе ЖОО ректоры (филиал директоры) белгілеген мерзімге дейін;
➖оқу ақысының белгіленген мөлшерінің кемінде 50 пайызын 1 қаңтарға дейін, 75 пайызын 1 сәуірге дейін және 100 пайыздық көрсеткішін 1 шілдеге дейін немесе жоғары оқу орнының ректоры (филиал директоры) белгілеген мерзімге дейін;
➖шетелдік азаматтар үшін оқу ақысын төлеу мерзімі жоғары оқу орнының ректоры (филиал директоры) белгілеген мерзімге дейін;
➖сараланған ақылы келісімшарт (супер-контаркт) негізде оқуға қабылданған талапкерлерге оқу жылының бірінші жартыжылдығы үшін төлем мерзімдері мен мөлшерін Өзбекстан Республикасының білім беру мекемелеріне қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия тарапынан және қалғаны ректор (филиал директоры) белгілеген мерзімге дейін жүзеге асырылады, деліген министрлік хабарында.