Өзбекстандағы жоғары оқу орындары студенттерінің сынақ кітапшасы мен мұғалімнің оқу жоспары және журнал толық электронды түрге көшіріледі.
Жоғары және арнайы орта білім министрлігі Бас басқармасының бастығы Абдували Халиковтың мәлімдеуінше, жоғары оқу орындарындағы оқу процесі толық кредиттік-модельдік жүйеге көшкеннен кейін барлық жұмыс электронды түрге көшіріледі. Студенттердің сынақ кітапшасы, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, журналдар енді қағаз жүзінде болмайды.
Бұдан бөлек, электронды түрде қойылатын баға да ашық түрде болады. Мұғалім қашан баға қоятыны, олар қандай негізде бағаланатыны белгілі болып, оқытушы бағаны белгіленген мерзімнен кейін өзгерту мүмкін болмайды. Ол қандай да бір себептермен өзгертілсе де, ол туралы ақпаратты сақтайтын жүйе жасалуда, - деген Халиков.
Өзбекстандағы жоғары оқу орындары кредиттік жүйеге көшкеннен кейін пәндер бойынша семестрді аяқтай алмаған студенттер үшінші семестр үшін қосымша ақы төлеу арқылы қайта оқитын болады.