Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Stranja Cup: Өзбекстан құрамасы жалпы есепте 1 орынды иеленді
15:24 / 2022-02-28

22-27 ақпан күндері бокс бойынша Болгарияның София қаласында өткен «Stranja Cup» халықаралық турнирде Өзбекстан Ұлттық құрамасы жалпы есепте 1 орынды иеленді.

Спортты дамыту министрлігінің хабарлауынша, «Кіші әлем чемпионаты» саналатын турнир тарихта 73-ші рет ұйымдастырылып, онда Өзбекстан Ұлттық құрамасының боксшылары 6 алтын медальға қол жеткізді. 

37 елден 370-тен астам спортшы қатысқан жарыс ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды.

Турнирге Өзбекстан құрамасы 8 ер және 5 әйел боксшымен қатысып, 6 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысын бойынша жалпыкомандалық есепте Өзбекстан бірінші орынды иеленді. Ресей құрамасы 5 алтынмен 2-орынға жайғасқан болса, Қазақстан 4 алтынмен үздік үштікті түйіндеді.

Өзбекстан Ұлттық құрамасының жүлдегер боксшылары:

Алтын медаль:

  • -51 келі: Хасанбой Дусматов,
  • -57 келі: Абдумалик Халаков,
  • -63,5 келі: Мужибилло Турсунов,
  • -80 келі: Одилжон Аслонов,
  • -92 келі: Мадияр Саидрахимов,
  • +92 келі: Ләзизбек Муллажонов,

Қола медаль:

  • -52 келі: Турсыной Рахимова