Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Стокгольмде Өзбекстан елшілігі ашылады
10:21 / 2022-08-05

Өзбекстан Республикасының Швециядағы жаңа елшілігінің бірінші дипломаты Стокгольмге келді.

Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, дипломатиялық миссияның кеңесшісі қызметіне тағайындалған Надир Ғаниев Өзбекстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі уақытша сенімді өкілі қызметін атқарады.

Ол Ферғана қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Ташкент мемлекеттік университетін (қазіргі Өзбекстан Ұлттық университеті) филология және шығыстану мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, орталық аппаратта және елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Швециядағы қызметке тағайындалғанға дейін, ол Сыртқы істер министрлігінің Еуропа елдері және ЕО институттарымен ынтымақтастық департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Бүгінде 50 жастағы Надир Ғаниев ағылшын, араб, орыс, француз тілдерін еркін меңгерген.

Еске сала кетсек, Стокгольмдегі дипломатиялық өкілдік Өзбекстанның шет елдердегі 36-шы елшілігі болады.