Стокгольм мен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Финляндияның EastCham-Finland сауда палатасының жаңалықтар порталы «Өзбекстан мен Швеция Стокгольм мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі туралы келісті» деген тақырыппен мақала жариялады.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Стокгольмдегі Елшілігі швед әуежайын басқарушы Swedavia компаниясымен және Aviareps халықаралық туристік консалтингтік компаниясымен келіссөздер жүргізді.
«Келіссөздердің күн тәртібіне екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелері қозғалып, талқылаулар соңында екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын орнатудың ұйымдастырушылық мәселелерін бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді», делінген хабарламада.
«2018 жылдан бері Өзбекстанға шетелдік авиакомпаниялардың рейсі екі есеге артты. Қазір халықаралық рейстердің 49 пайызын шетелдік әуе компаниялары құрайды. Өзбекстан 2022 жылдың тамыз айында Стокгольмде елшілігін ашты», - деп жазады EastCham-Finland.