Үстел теннисі бойынша Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді
Үстел теннисінен 2024 жылғы Азия чемпионаты Қазақстанның Алматы қаласында өтеді.
Осыған орай, 12 қыркүйекте Қазақстан федерациясы Азия үстел теннисі одағының ресми растауын алды.
Бұл Азия чемпионаты 2025 жылы Дохада (Қатар) өтетін жекелей әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болады.
Азия чемпионаты 2024 жылдың күзінде өтеді деп жоспарланған.