Статистика: Өзбекстанда бала туу саны өсті
2023 жылдың алғашқы 4 айында Өзбекстанда 280,8 мың туған нәресте тіркелді.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті.
Еске салар болсақ, биылғы жылдың басында Болжау және макроэкономикалық зерттеулер институтының мамандары Өзбекстан халқының саны 2035 жылға қарай 45 миллионнан асуы мүмкін деген болжам жасап, елдің айтарлықтай демографиялық өсу әлеуеті туралы айтқан болатын.