Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Статистика: Қытай мен Ресей Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда серіктестері
17:14 / 2023-07-26

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы бойынша алдыңғы қатарлы 10 ел туралы ақпарат берілді.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы жоғары үлесі – 5,3 миллиард долларды құраған Қытай серіктес елдер арасында көш бастап тұр.

Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, одан кейінгі орындарда тауар айналымы тиісінше 4,4 миллиард және 2,2 миллиард долларды құраған Ресей мен Қазақстан орын алған.

Бұл көрсеткіш қалған елдеде келесідей:

  • Түркия – 1,5 млрд;
  • Корея – 1,0 млрд;
  • Германия – 929 млн;
  • Қырғызстан – 484 млн;
  • Түркіменстан – 439 млн;
  • Франция – 388 млн;
  • Ауғанстан – 371 млн.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы шамамен 29,2 миллиард долларды құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 миллиард долларға немесе 19,4 пайызға өсті.

6 айда Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 12,1 миллиард доллар экспорт, 17 миллиард доллар импортты құраған.