Статистика: Екі айда Өзбекстанда 53 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстанда 53 367 жеңіл автокөлік (арнайы автокөліктерді қоспағанда) шығарылды.
Статистика агенттігінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында 466 дана жүк көлігі шығарылған.
Ведомствоның мәліметінше, сонымен қатар:
- Автокөлік бензині – 241,1 мың тонна
- Көмір – 659 мың тонна
- Мұнай – 118,5 мың тонна
- Газ конденсаты – 214,7 мың тонна
- Автобус – 61 дан
- Автомобиль қозғалтқыштары – 41518 дана шығарылды.