Стармер, Макрон, Мерц және Туск Киевке келді
Украинаның одақтас елдерінен төрт бірдей көшбасшы Киевке келді.
AP агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц және Польша премьер-министрі Дональд Туск пойыз арқылы Украина астанасына келді. Оларды теміржол вокзалында Украина делегациясы салтанатты түрде қарсы алды.
Киевте коалиция өкілдері Украина президенті Володимир Зеленскиймен кездесіп, Ресейді 30 күнге атысты тоқтатуға шақыруды жоспарлап отыр.