Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Илон Масктің әйгілі Starlink спутниктік интернет желісі Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
KAZINFORM мәліметінше, бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлаған.
Дерекке сәйкес, 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастады.
Хабарда айтылуынша, ел тұрғындары SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталық спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосыла алады.
Айта кетейік, Starlink технологиясы шалғай және қолжетімдік төмен өңірлерде де тұрақты қосылымды қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.