Starlink 2021 жылдың күз мезгілінен бастап бүкіл әлемге сымсыз интернет таратпақ
SpaceX ғарыштық компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернет жобасы әлемді 2021 жылдың қыркүйегіне дейін үздіксіз және оңтайлы интернетпен қамтамасыз ете бастайды деп күтілуде.
Компания бас директоры Гвинн Шотвеллдің мәлімдеуінше, 1,8 мың жерсеріктің тобы қазірдің өзінде дайын. Қазіргі кезде компания олардың жұмыс орбитасына шығуын күтуде. Содан кейін ғаламдық үздіксіз интернет таралымы басталмақ.
Оның айтуынша SpaceX компаниясы «әр елге кіру және телекоммуникация қызметтерін ұсыну туралы келіссөздер жүргізу үшін» реттеуші органдармен жұмыс істей бастайды.
Илон Масктың «Starlink» жер серіктік жобасы - жер тұрғындарын кең жолақты тегін Интернетпен қамтамасыз ету үшін жасалған болып, ол 2018 жылдың ақпанында басталды. SpaceX жобаның құнын 10 миллиард долларға бағалаған. Оның мақсаты - әлемнің кез келген нүктесінде жоғары жылдамдықты Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету.