Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандариядағы кен орнында жарылыс болып, 4 адам қаза болды
11:27 / 2024-09-19

Сұрхандария облысының «Бойсун» ауданындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» кен орнында сутегі сульфидінің шығуына байланысты жарылыс болып, 4 адам қаза болған.

Бұған дейін кен орнында техногендік апатты сөндіру жұмыстары аяқталған еді. Тіпті оған Ресей мен АҚШ-тан мамандары тартылған.

Алайда, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде осы аймақта қайтадан сутегі сульфиді шығып, жарылыс болған. Апат салдарынан 11 адам жарақат алып олар емханаға жіберілген. 

Баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның Экология, қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы саласындағы заңнаманың орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Уктам Утаев осы оқиға бойынша мәліметтерді ұсынды.

Оның айтуынша, техногендік апаттан екі адам қаза тапқан, жараланғандар бар. Қазіргі уақытта апатты жағдайға байланысты алдын ала тергеу шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» кен орнындағы  604-ұңғымадан құрамында күкіртті сутегі көп болған газ шығып, оны сөндіру жұмыстары 15 қыркүйекте аяқталға еді.