Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандариядағы үңгірден неандерталь адамның мекені табылды
10:18 / 2022-07-01

Сурхандарияның Хатак үңгірінде неандерталь адамның мекені табылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2021 жылы археологтар Сурхан мемлекеттік қорығы, Хатақ бөлімі, «Боғлы-Дара» массивінен біздің дәуірімізге дейінгі 100-40 мың жылдарға жататын неандертальдық адам қонысын тауып, биылғы жылдың маусым айында ауқымды қазба жұмыстары басталған болатын.

Қазба жұмыстары кезінде, тік жартастың бетінде 15-20 метр биіктікте пайда болған және кіру өте қиын үңгірде тас қарулар, жабайы аңдардың қиыршық сүйектері мен 100-60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адам өмірінің толық сақталған көрінісі (күл, дөңгелек ошақтың қалдықтары) анықталған.

«Үңгірдің ғылыми маңыздылығы – Сұрхандария облысының таулы Бойсун ауданы ғана емес, Шерабад ауданы да алғашқы адамдардың мекен еткені дәлелденді», - делінген хабарламада.

Қазргі кезде қазба жұмыстарын Ғылым академиясының Ұлттық археологиялық орталығы мен Австралияның Гриффит университетінің қызметкерлері жалғастыруда.