Сұрхандарияда халықаралық көкпар ойыны өтуде
Сұрхандария облысының Термез ауданында, Қарабайыр атшабары мектебінде Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы, Жастар саясаты және спорт министрлігі, Өзбекстанның Ұлақ-көкпар федерациясы және облыс әкімдігімен бірлесіп, халықаралық көкпар турнирі басталды.
Халықаралық жарысқа Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген алты шабандоз команда бақ сынауда.
[gallery-11143]
Турнирде бірінші орын алған командаға 100 миллион сум, екінші орынға 75 миллион, үшінші орын алған командаға 50 миллион сум көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, бірқатар номинациялардың жеңімпаздары турнирді ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталатын болады.
Халмумин МАМАТРАЙИМОВ, ӨзА