Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандарияда халықаралық фольклор фестивалі өтеді
16:33 / 2022-04-12

2022 жылдың 7-8 мамыры аралығында Сұрхандарияда «Бойсун бахори» (Бойсун көктемі) атты халықаралық фольклор фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында ұлттық ән, ұлттық киім, қолөнер, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері, дрон шоуы, этноспорт жарыстары, серке-тарту, палуан күресі және басқа да ұлттық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Белгілі өнер қайраткерлері мен фольклорлық ұжымдардың қатысуымен фестивальдің ашылу салтанаты басталып, онда түрлі байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталмақ.

Халықаралық фестивал өтетін тау бөктерінде жүзден астам отау тігіліп, өзбектің ұлттық салт-дәстүрі мен құндылықтары паш етіледі.

Қазіргі таңда ӨР Туризм және мәдени мұра министрлігі, Мәдениет министрлігі, Сұрхандария облыстық әкімдігі және басқа да серіктес ұйымдар фольклор фестивалін жоғары деңгейде өткізуге дайындалуда.