Сұрхандария облысынан «Алла» және «Мұхаммед» сөздері жазылған Селжұқтар дәуіріне жататын алтын динар табылды.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, Термез ауданындағы «Дустлик» махалласында тұратын Улкан Ералиев көне қазынаны ауласындағы егіндерді суару кезінде тауып алған. Ол содан кейін Термез археологиялық мұражайына хабарлап, мамандардың зерретуінше бұл құндылықтар Қарахан және Селжук дәуіріне тиесілі екені анықталды.

Улкан Ералиев құнды жәдігерді белгіленген тәртіпте Термез археологиялық мұражайына тапсырған, ал оған қолданыстағы ережелерге сәйкес қолақысы төленген.
Алтын динардың алдынғы бетінде «Алла» және «Мұхаммед» сөздері, сондай-ақ араб әліпбиінің кейбір әріптері жазылғанын айтқан мұражайдың докторанты, нумизмат Мансур Нормуминов.
Монетаның артқы жағындағы мәтін дерлік көрінбей қалған. Зақымдалған, бірақ жақсы сақталған монета алтын динардың салмағы 1,92 грамм.