Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандарияда картоп ішіне жасырылған 155 келі гашиш табылды
15:56 / 2022-03-29

Сұрхандария облысындағы «Айрытом» шекара бекетінде есірткінің заңсыз айналымы фактісі анықталды.

Мемлекеттік кеден комитетінің хабарлауынша, көрші елден келген жүк көлігі ел ішінде транзит жолмен, Әндіжан облысындағы «Дустлик» шекаралық кеден бекеті арқылы көрші елге кетуі керек болған. Құжаттарға сәйкес, жүк көлігіне 533 қапта 22 тоннадан астам картоп тиелген.

Көлікті тексеріс кезінде жүктің рентгендік суреті кеденшілерде күдік туғызып, қапқа тиелген картопты ашып көргенде 533 қап картоптың 38-інде 1305 картоп секілді оралған есірткі заты бар екені анықталған.

Жүк көлігіне тиелген қаптардан табылған гашиш есірткісінің жалпы салмағы 154 келі 90 грамм екені белгілі болды. 

Осы жағдайға байланысты Кеден органдары қылмыстық іс қозғады.