Сұрхандарияда дәнді дақылдарды жинау науқаны басталды
Сұрхандария облысының «Музработ» және «Жарқорған» аудандарында дәнді дақылдарды жинау науқаны басталды.
Маусымның алғашқы күні «Музработ» ауданындағы «Аслиддин Алимов» фермер қожалығы республикада бірінші болып астық тапсырудың жылдық жоспарын орындады.

Биылғы маусымда 40 гектар алқаптың әр гектарынан 63 центнерден өнім алып, қабылдау бекетіне 112 тонна астық тапсырды.

Биыл облыс диқандары 89 325 гектар ерте пісетін және жоғары өнімді дәнді дақыл сорттарынан 685 мың тоннадан астам астық жинауды жоспарлаған. Піскен егінді бүлдірмей жинап алу үшін егін алқабынан 141 егін жинау бригадасы құрылып, 283 заманауи комбайн жұмылдырылған.
Халмумин Маматрайимов, ӨзА