ФОТОРЕПОРТАЖ
Сұрхандария облысында Мемлекет басшысының бастамасымен автокөлік жолдарын салу және қайта жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – «Бойсун» ауданындағы «Дарбанд» ауылынан басталып, «Дарбанд–Денов» бағытымен өтетін 4Р105 автожолын қайта құру жобасы.
[gallery-24679]
Ұзындығы 111 шақырым болатын бұл маңызды жол 2027 жылы толық пайдалануға берілмек. Оның шамамен 108 шақырымы заманауи цемент-бетон жамылғысымен төселіп, сапасы мен ұзақ мерзімділігіне баса мән беріледі. Жоба аясында 26 көпір, 2 жолөткізгіш, 114 су өткізгіш құбыр және автокөліктердің салмақ пен габарит параметрлерін бақылайтын 2 заманауи бақылау бекеті салу жоспарланған.
Ірі инфрақұрылымдық жобаны үш лот бойынша жүзеге асыруда тендер жеңімпазы – Әзербайжанның «Лянкяран Ёл Тикинти» акционерлік қоғамы құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаруда. Құны 147,6 миллион АҚШ долларын құрайтын келісім аясында жол құрылысы халықаралық стандарттарға сай жүргізілуде.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА