Сұрхандария жерінде 950 жасты шынар өседі
Сұрхандария облысының «Бойсун» жерінде алып шынар ағашы өседі. Ол шамамен 950 жаста.
Естімеген елде көп. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазан төңкерісіне дейін бұл шынар ағашы ескі мектеп ретінде қызмет еткен. Кейін, 1920 жылы ауылдық кеңестің ғимаратына айналған. 1932-1934 жылдары ол 1-атты әскер полкінің лагерь кітапханасы болып, ал 1936 жылы ауылдық сауда дүкені ретінде пайдаланылған.
[gallery-19119]
Оның биіктігі 26 метр, діңінің тамыр бойынша диаметрі 16,5 метр, ал діңіндегі қуыстың жер бетінен өлшемі 3,5 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта шынар табиғи ескерткіш ретінде қорғалған және оның ішінде шағын музей ұйымдастырылған.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА