ФОТОРЕПОРТАЖ
Сұрхандария облысының «Сариосиё» ауданы ерекше табиғат көрінісі әрі киелі орындарымен үнемі шетелдік және жергілікті туристердің қызығушылығын арттырып келеді. «Сулим» тауының етегіндегі «Сангардак» ауылы теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі ғажайып сарқырамасымен әлемге әйгілі.
Бұл мекенде зиярат, эко, этно, медицина, агро сияқты бірегей туризм түрлерін дамытуға қолайлы мүмкіндіктер мен жағдай жасалған. Ауылдың әсем табиғаты, шипалы өсімдіктері, этнографиялық мұрасы кез-келген адамды өзіне баурап алады. Минералды бұлақ суын жергілікті тұрғындар түрлі дертке шипа ретінде тұтынады.
[gallery-13590]
Осы аймақта қазіргі уақытта барлық ыңғайлы жаңа қонақ үйлер салынуда. Жол инфрақұрылымы жақсартылып, сауда, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету желілері іске қосылуда.
Жанибек ҚУЗИМУРАДОВ, ӨзА