Сұрхандария облысындағы су қоймасының келбеті
«Тупаланг» су қоймасы Сұрхандария облысының «Сариосиё» ауданынан шамамен 40 шақырым қашықтықта орналасқан.
[gallery-19333]
Бұл су қоймасы 1986 жылы іске қосылған және суару мен гидроэнергетика мақсаттында қызмет етеді. «Тупаланг» өзені негізінде құрылған қойманың құрамына бөгет, су шығару жүйесі және гидроэлектр станциясы кіреді.
Қоймада 336 миллион текше метрден астам су қоры бар және облыстың 202 мың гектардан астам егістік алқабын қамтамасыз етуге қабілетті. Қойманың төменгі жағындағы гидроэлектр станция облыстың оңтүстік аймақтарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОДОВ, ӨзА