Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сұрхандария облысында ауқымды экотуризм кешені салынады
22:42 / 2025-08-30

Сұрхандария облысында ауқымды экотуризм кешені салынады. Ол Қумқорған ауданындағы «Оңтүстік Сурхан» су қоймасы аумағында бой көтермек. Жоба құны – 140 млрд сум. Оның аясында табиғи ортаны сақтай отырып, жаңа жасыл аймақтар құру, экологиялық талаптарға сай жолдар мен инфрақұрылым салу, сондай-ақ сарқынды суларды тазарту жүйесін енгізу көзделген.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сұрхандария облысында жалпы құны 140 млрд сумға тең экотуризм орталығы құрылады.

Ресми мәліметке қарағанда, бұл жоба таулы рекреациялық аумақтар, су қоймалары, көлдер мен өзен жағалауларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, табиғатқа зиян келтірмей экотуризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

- Қумқорған ауданында орналасқан «Оңтүстік Сурхан» су қоймасы аумағында жалпы ауданы 15,7 гектар болатын, құны 140 млрд сумға бағаланған экотуризм кешенінің құрылысы жоспарланған. Жоба аясында табиғи ортаны сақтау, жаңа жасыл аймақтар құру, экологиялық талаптарға сай жолдар мен инфрақұрылым салу, сондай-ақ сарқынды суларды тазарту жүйесін енгізу көзделген, – делінген ресми хабарламада.

Белгілі болғандай, облыс әкімі Улұғбек Қосимов ұсыныстар мен кеңестер негізінде жетілдірілген жоба тұсаукесерімен танысқан. Әкім Аймақты аралап шығып, құрылысты жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру, белгіленген талаптарға сәйкес қысқа мерзімде бастау жөнінде тапсырма берген.

Бұдан бөлек, бұрынғы «Сурхан комбинаты» ЖШС-ға тиесілі, қазіргі таңда коммерциялық банктер балансында тұрған пайдаланылмайтын ғимараттар базасында темір-бетон кластерін құру жоспарланған. Бос ғимараттарды нақты жоба мен инвестициялық талаптар негізінде аукционға шығару шаралары қарастырылатыны айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан компаниясы Зомин тау аймағында экотуризм нысандарын салатыны жайлы айтылған болатын.