Сұрхандария облысы республикада астық жоспарын бірінші болып орындады
Сурхандария облысы биыл да Өзбекстанда бірінші болып, тауарлы астық тапсыру жоспарын артығымен орындады.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2024 жылдың егіні үшін 89 300 гектар алқапқа өсірілген дәнді дақылдан 210 246 тонна астық сатылды және шарттық жоспар 101,0 пайызға орындалды.
«Астық өндірушілер қол жеткізген бұл нәтиже – облыс ауыл шаруашылығына енгізілген экономикалық реформалар, заманауи технологиялар жемісі және диқандардың материалдық қызығушылығы, кластерлер қызметінің жақсы жолға қойылғандығының арқасында», - делінген хабарламада.