Спутник V вакцинасының тағы 40 мың дозасы Ташкентке жеткізілді
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанға Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Спутник V вакцинасының 1-компонентінің 40 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады.
«Бүгін түнде елімізге Ресейден Спутник V вакцинасының І компонентінің тағы 40 мың дозасы жеткізілді.
1 маусымда Спутник V вакцинасының І компонентінің 70 мың дозасы, ал 10 маусымда 70 мың дозаның ІІ компоненті жеткізілген еді.
Сәуір айында осы вакцинаның 100 мың дозасы жеткізілді (1 компоненттен 50 мың доза, 2 компоненттің 50 мың дозасы).
Осылайша, республикадағы Спутник V вакцинасының қоры 280 мың дозаға жетті. Вакцинаның келесі ІІ компоненті - 40 мың дозасы жақын күндері жеткізіледі деп күтілуде», делінген министрлік хабарында.