«Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы Өзбекстанға жеткізілді
27 сәуірге қараған түні «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы Өзбекстанға жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасы өндірушілерден сертификаттау және вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижелерін алғаннан кейін тіркеуден өткізген еді.
Министрлік ақпаратында, жақын күндері Өзбекстанға өзбек-қытай ғалымдары жасаған ZF-UZ-VAC2001 және AstraZeneca вакциналарының қосымша дозалары жеткізіледі деп күтілуде.
Республикада вакциналарды барлық аймақтарға теңдей жеткізу жүйесі енгізілген болып, онда ең алдымен вакцина қауіптілігі жоғары топқа жататын азаматтарға егілуде, делінген хабарламада.