English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы Өзбекстанға жеткізілді
10:10 / 2021-04-23

Бүгін Өзбекстанға Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, Өзбекстан атаулы вакцинаны ақпан айының орталарында өндірушілерден сертификаттау және вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижелерін алғаннан кейін тіркеуден өткізген еді. 

Өзбекстанға вакцинациялау үшін әкелінген «Спутник V» вакцинасының жартысын Өзбекстандық кәсіпкер Алишер Усманов қаржыландырды.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі вакцинация аясында COVID-19-ға қарсы 3 айда 4 миллионға жуық адамға вакцина егу жоспарланған болатын. 2021 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 7 миллионға дейін немесе ел халқының 20 пайызына дейін өсуі мүмкін.

Бүгінгі таңда ел аумағындағы вакцинацияда өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп өндірген ZF-UZ-VAS2001 және AstraZeneca вакциналары пайдаланылуда. Мамандар қазіргі кезде осы вакциналардың қосымша дозасын әкелу бойынша жұмыстар жүргізуде.