Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Спутник V вакцинасының 90 мың дозасы Өзбекстанға жеткізілді
11:04 / 2021-07-15

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгін түнгі уақытта Ресейден Спутник V вакцинасының 1-компонентінен 70 мың доза және 2-компонентінен 20 мың дозасы әкелінді.

Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Спутник V вакцинасы бұған дейін Ташкентке сәуір айында 100 мың доза жеткізілген болатын (50 мың 1 компонент, 50 мың 2 компонент).

Ал, 1 маусымда осы вакцинаның 1 компонентінен 70 мың доза, 10 маусымда 70 мың дозадан тұратын 2 компоненті, 5 шілдеде 40 мың дозалы 1 компоненті жеткізілді.

Осылайша, Өзбекстанға жеткен Спутник V вакцинасының жалпы қоры 370 мың дозаны құрады.

Жалпы бүгінге дейін елге жеткізілген вакцина қоры 7 миллион 530 мың дозаға жетті. Оның 660 мың дозасы AstraZeneca вакцинасы болса, 6,5 миллион дозасы өзбек және қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы.

14 щілде күнгі жағдай бойынша елдегі вакцинация аясында 5 миллион 275 мың доза вакцина қолданылған.