2021 жыл басында Ресейдің Спутник V вакцинасын салдырған Аргентина президенті Альберто Фернандестің коронавирустық сынағы оң нәтиже берді.
«Бүгін кешке температурам 37,3 градусқа көтеріліп басым аздап ауырғаны байқалған соң тест тапсырдым және ол оң нәтиже көрсетті. Жағдайға толық көз жеткізу үшін ПТР тест нәтижесін күтудемін. Десе де өзімді жақсы сезінудемін», деген президент 2 сәуірде Twitter-дегі парақшасында.
2 сәуірде 62 жасқа толған Аргентина президенті осы жылдың қаңтарында ресейлік Спутник V вакцинасымен коронавирусқа қарсы вакцинацияланған еді.
Бұл жағдайға байланысты Ресейдің Гамелея институты Альберто Фернандесті вакцинация оны науқастанудың ауыр түрлерінен қорғайды деп «Біз мұны естігенімізге қынжылдық. Спутник V инфекцияға қарсы 91,6%, ауыр жағдайларға 100% әсер етеді. Егер індет расталса, вакцинация ауыр симптомдарсыз тез қалпына келеді. Сізге тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз!» - деп жазған.