«Спартак» клубы өзбекстандық футболшымен келісім шартты тоқтатты
Мәскеудің «Спартак» клубы өзбекстандық жартылай қорғаушы Остон Уруновпен келісімшартын бұзды.
21 жастағы аладоп шебері 2020 жылы «Спартак» клубы сапында 9 матч өткізіп, 1 гол соқты, кейін «Уфа» сапында жалға ойнады.
Остонға алдағы мансабында сәттілік тілейміз!- деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Дерекке сай, Остон Урунов РПЛ-дің басқа бір клубы «Урал» командасымен келісімшартқа отырмақ.