SpaceX жыл басынан бері Starlink интернет спутниктерінің тоғызыншы партиясын орбитаға шығарды.
Компания дерегінше, Falcon 9 зымыран тасығышы Starlink ғаламдық интернет қамту желісінің орбиталық шоқжұлдызын толықтыру үшін 52 шағын жерсеріктің кезекті партиясын сәтті ұшырды.
«52 Starlink спутнигінің шығуы расталды», - делінген хабарламада.
Ұшыру Калифорниядағы АҚШ ғарыш күштерінің Ванденберг базасында Тынық мұхиты жағалауы уақытымен 12:26-да орындалған.
Бұл Starlink жобасы аясында 2019 жылдың мамырынан бері интернет-спутниктердің 78-ші ұшырылуы және осы жылдың басынан бері тоғызыншы ұшырылым болды. Ең кейінгі ұшыруды ескере отырып, SpaceX қазірдің өзінде осы жерсеріктердің 4,1 мыңнан астамын орбитаға шығарды. Олардың кейбіреулері сәтсіздікке ұшырады немесе орбитадан шығып кетті. Орбитада 3,8 мыңнан астам құрылғы қалды.
Қазіргі уақытта компания әлемдегі ең ірі спутниктік оператор болып табылады. Starlink интернет желісі Солтүстік Америка, Еуропа, Қиыр Шығыс және Австралия сияқты 50 елдегі пайдаланушыларға қолжетімді. Пентагонның мәліметінше, бұл жерсеріктердің қызметтерін АҚШ әскерилері де белсенді пайдаланады.