SpaceX-тің Starship ғарыш кемесінің прототипі жарылып кетті
Ай мен Марсқа ұшуға арналған SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесінің прототипі суборбитальды сынақтық ұшуды орындағаннан кейін Жерге қонып бірнеше минуттан кейін жарылып кетті.
Starship SN10 сынағы компанияның Техастың оңтүстігіндегі Бока Чикадағы полигонынан ұшырылған болып, сынақ кезінде кеме 10 км биіктікке көтерілген және бұл процес 6,5 минутты құрады. Алайда, кеме алғашқы сәтті қонуды жүзеге асырса да, бірнеше минуттан кейін өртеніп, жарылып кеткен.
SpaceX негізін қалаушы Илон Маск бұл жағдайды қозғалтқыштың тарту күші дұрыс орнатылмағандығымен түсіндірді.
Бұған дейін де, ракетаның 2020 жылғы желтоқсанда өткізген екі сынақ кезінде құрылғылар жерге қонуы мен-ақ жарылып кеткен болатын.
Бірнеше рет қайта пайдалануға болатын Starship ғарыш кемесі адамдарды Ай мен Марсқа жеткізуге арналған және бортқа 100 адамдық сыйымдылыққа ие. Масктың айтуынша, ғарыш кемесі адамдарды Марсқа 2026 жылдың өзінде-ақ жеткізуі мүмкін.