SpaceX «Starlink» жерсеріктік тобының ұшырылымын тоқтатты
SpaceX компаниясы «Starlink» интернет спутниктері бар Falcon 9 зымыранын жердегі қондырғыларға байланысты старттан 18 секунд бұрын тоқтатты
SpaceX компаниясы «Starlink» интернет спутниктері бар Falcon 9 зымыранын жердегі қондырғыларға байланысты старттан 18 секунд бұрын тоқтатты.
13-ші реткі 60 спутниктің орбитаға ұшырылуы үшінші рет қалдырылуда. Бұл кезгі старт АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 09.17-де ұшуы керек еді. Ұшыруға дайындық қалыпты түрде жүріп жатты, бірақ стартқа 18 секунд қалғанда сарапшылар «жердегі қондырғылардың датчиктері ерекше дыбыстар бергені» туралы хабарлап, соның негізінде ұшыру тоқтатылды. Ал өткен апта басында «Falcon 9» қолайсыз ауа-райына байланысты ұшпай қалған.
Компанияның мәліметінше келесі старт уақыты қазірге белгісіз.
Илон Масктың «Starlink» жер серіктік жобасы - жер тұрғындарын кең жолақты тегін Интернетпен қамтамасыз ету үшін жасалған болып, ол 2018 жылдың ақпанында басталды. SpaceX жобаның құнын 10 миллиард долларға бағалады. Оның мақсаты - әлемнің кез келген нүктесінде жоғары жылдамдықты Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету.