SpaceX қалқымалы ғарыш айлағының құрылысын бастады
SpaceX компаниясы алғашқы қалқымалы ғарыш айлағын салуда. Атаулы ғарыш алйлағынан алғашқы ұшырылым 2022 жылға жоспарланған.
Компания негізін қалаушы Илон Маск Twitter-де космодром конверсияланған мұнай қондырғысы негізінде салынатынын айтты. Осы мақсатта 2021 жылдың басында компания Деймос және Фобос деп аталтын екі мұнай бұрғылау қондырғысын алған еді. Бұл атау Марстағы екі айдның құрметіне қойылған.
SpaceX мұхитта жылдам әрекет ету үшін әлемдегі ірі қалалардың маңында осындай қалқымалы ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр, мысалы, Пекиннен Нью-Йоркке мұндай ұшу небәры 30 минутты алады.
Еске салайық, мамыр айының басында Техастағы Бока-Чика ғарыш айлағында өткен ұшу сынақтары кезінде Ай мен Марсқа ұшуға арналған Starship SN15 прототиптік ғарыш кемесі 10 шақырым биіктікте көтетірліп, әуедегі 6 минуттық қалықтаудан кейін жерге жайлы қонды.