Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
SpaceX Оңтүстік Кореяның әскери байланыс спутнигін орбитаға шығарды
10:41 / 2020-07-21


Илон Масктың «SpaceX» компаниясына тиесілі «Falcon 9» зымыран тасығышы Оңтүстік Кореяның «Anasis-II» әскери байланыс спутнигін орбитаға шығарды. Кореялықтардың өтінішіне орай «Anasis-II» спутнигінің орбитадағы ұшуы трансляциясы көрсетілмеген.

«Falcon 9» Флоридадағы Канаверал ғарыш айлағынан жергілікті уақт бойынша сағат 17.30-да әуеге көтегрілген сәтті старттан соң араға сегіз жарым минут салып Атлант мұхитындағы «Just Read the Instructions» қалқымалы платформаға қондырылған.

Мамыр айының соңында зымыранның осы алғашқы бөлігінде астронавттар Даг Херли мен Роберт Бенкен Халықаралық ғарыш станциясына «Crew Dragon» ғарыш кемесін ұшыру үшін пайдаланған.