Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
SpaceX компаниясы ХҒС-ке «Cargo Dragon» жүк ғарыш кемесін сәтті ұшырды
09:30 / 2021-08-30

АҚШ-тың шығыс жағалауынан американдық SpaceX компаниясының «Cargo Dragon» жүк ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) сәтті ұшырылды.

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) хабарлауынша, ұшу 29 тамызда жексенбіге қараған түні Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран тасығышының көмегімен жүзеге асқан.

Ұшудан 12 минут өткен соң кеме тасымалдаушының екінші сатысынан бөлінген және тәуелсіз ұшуды бастған. Содан кейін «Cargo Dragon» Жер орбитасына шығып, ХҒС -қа бет алды, деп хабарлады NASA. Жоспарға сәйкес, станциямен қосылу 30 тамызда жүзеге асады.

Өз кезегінде SpaceX ​​компаниясы Falcon 9 зымыран тасығышының қайта пайдалануға болатын бөлігі Атлант мұхитындағы қалқымалы ғарыш айлағына 7 минут 38 секундтан кейін сәтті қонғаны туралы хабарлады. Қайта пайдалануға арналған зымыран тасығыш төртінші рет қолданылды.