Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
SpaceX ғарышкерлерді Айға жеткізетін болады
15:03 / 2021-04-17

SpaceX компаниясы ғарышкерлерді Айға жеткізуге арналған NASA-ның 2,89 млрд долларлық келісімшартын жеңіп алды.

АҚШ ғарыш агенттігінің хабарлауынша, Илон Масктың SpaceX компаниясы NASA-ның «Артемида» (Artemis) бағдарламасы аясында ғарышкерлерді Айға қондыру үшін қону модулін құрады. Келісімшарт құны 2,89 млрд доллар.

Бағдарламаның бірінші кезеңі 2021 жылға жоспарланған болып, Space Launch System зымыранына орнатылған «Орион» ғарыш кемесі Айды айналып ұшып, Жерге оралады деп жоспарланған. Екінші кезеңде, 2023 жылы кеме экипажбен бірге Айды айналып ұшады. NASA спутникке қонудың өзі 2024 жылға жоспарланған.

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың кезеңінде бастау алған «Артемида» бағдарламасы қазіргі президент Джо Байден әкімшілігінің қолдауына ие болды. Оның мақсаты - алғашқы әйелді жерсерікке жіберу. NASA бұл бағдарлама Айда тұрақты қоныстануды құруға жасалған алғашқы қадам болады деп күтуде.

Осы ғарыш бағдарламасына Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA), Жапония, Канада, Австралия, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдер қосылды. Ал, Ресей АҚШ-пен бірлескен бағдарламаға қатысудан бас тартты.