Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
SpaceX ғарыш тарихында рекордтық көрсеткіштегі жерсерікті орбитаға шығарды
00:37 / 2021-01-25

SpaceX компаниясы бортында 143 жер серігі бар Falcon 9 зымыранын ғарышқа ұшырды. Бұл ғарыш тарихындағы орбитаға ұшырылған ғарыш аппараттарының рекорды көрсеткіші болып табылады.

24 қаңтар АҚШ-тың Флоридадағы ғарыш айлағынан көкке самғаған зымыран бортында 30 тапсырыс берушінің 143 және Starlink Интернет желісінің 10 жер серігі орбитаға шығарылды. Құрылғылардың жалпы салмағы 5 тонна болып, бұл ұшу процесі орбитаға шығарылған ғарыш аппараттарының ең үлкен топтамасы екені айтылған.

Зымыран стартынан тоғыз минут өткен соң оның алғашқы зымыран тасығышы Атлант мұхитындағы арнайы ғарыш айлағына келіп қонған. Ол бұған дейін бірнеше рет қолданылған.

20 қаңтарда Falcon 9 зымыраны орбитаға 60 Starlink жер серігін ұшырған еді. Кезекті бұл ұшулар жоба бойынша 17-шісі. Бұған дейін орбитаға шығарылған жер серіктерінің жалпы саны 1013-ке жеткен.

SpaceX компаниясының негізін қалаушы  Илон Масктың «Starlink» жер серіктік жобасы - жер тұрғындарын кең жолақты тегін Интернетпен қамтамасыз ету үшін жасалған болып, ол 2018 жылдың ақпанында басталды. SpaceX жобасының құнын 10 миллиард долларға бағаланған. Оның мақсаты - әлемнің кез келген нүктесінде жоғары жылдамдықты Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету.