«QURAMAX MEDIKAL» ЖШС фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қызметі тоқтатылды.
Ташкент ауданаралық экономикалық соты 2019 жылғы 10 желтоқсандағы «QURAMAX MEDIKAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға берілген № П6580 лицензиясының күшін жою туралы шешім шығарды.
13 қаңтарда өткен ашық сот отырысында жарияланған шешімге сәйкес, жарамсыз дәрілі заттарын сатылымнан алып, жою туралы да шешім қабылданды.
Соттың заңды әсер ету шарасын қолдану туралы осы қаулысы, егер шағым (наразылық) берілмесе, ол қабылданғаннан кейін он күн өткен соң заңды күшіне енеді.
Сондай-ақ, осы экономикалық іске қатысты уәкілетті орган мен лауазымды тұлғалардың мінез-құлқы немесе әрекетсіздігіне қатысты заң талаптарын бұзу туралы жеке ұйғарым шығарып, Ташкент қалалық прокуратурасына жолдау туралы шешім қабылданғаны айтылады ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, «QURAMAX MEDIKAL» ЖШС ел аумағында 20-ға жуық баланың өліміне себеп болған Үндістанның «Marion Biotech Pvt. Ltd.» копаниясы жасаған «Док-1 Макс» препаратын республикаға әкеп сатқан болатын.