Сооронбай Жээнбеков президенттіктен кету шарттарын айтты
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі болып жатқан саяси ахуалға байланысты халыққа үндеу жасап өзінің президенттіктен кету шарттарын мәлімдеді
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі болып жатқан саяси ахуалға байланысты халыққа үндеу жасап өзінің президенттіктен кету шартын мәлімдеді.
Жээнбеков кезекті үндеуінде елде жаңа парламенттік сайлауы өтуі және бұрынғы үкімет отставкаға кетуі керек екенін айтып, бұл жағдай жаңа үкметтің қалыптасуына ықпал жасайды, деген. Сонымен қатар ол өз мәлімдемесінде атқарушы билік заңды басшыларды бекіткеннен кейін қызметінен кетуге дайын екенін білдірген.
«Мен үшін ешқандай ұстаным мемлекеттің тұтастығынан, халықтың бірлігі мен қоғамның тыныштығынан маңызды емес. Біз жағдайды тезірек қалпына келтіруіміз керек. Атқарушы билік заңды басшыларға ие болып, елде заң үстемдік құрғаннан кейін Президенттік қызметімнен кетуге дайынмын» - деген ол.